БЖЗҚ активтерінің шамамен жартысы Қазақстанның бағалы қағаздарына инвестицияланды
26 Апреля 2016
2390
БЖЗҚ,
активтер,
Қазақстан,
инвестициялау
Алматы. 26 сәуір. Ақпараттар орталығы. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ баспасөз қызметі қандай бағалы қағаздарға қор зейнетақы активтерін салып жатқаны туралы ақпарат таратты.
Сонымен, 2016 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ҚР Ұлттық банкінің басқаруындағы БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері 6 трлн 70 млрд теңгені құрады.
БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) есепшотына жіберілген табысы 2016 жылдың 1 қаңтарымен 31 наурыз аралығында 2,4% құрады.
БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы активтерінің табыстылығы – өткен жылдың наурыз айы мен осы жылдың наурыз айы аралығында – сәйкесінше кезеңдегі инфляция деңгейі 15,7% бола тұра 16,9% құрады.
БЖЗҚ ЗА-ның инвестициялық қоржынындағы қарыздардың қаржылай құралдарының орташа өлшенген табыстылығы ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша жылдық 10,5%құрады.
Баспасөз қызметінен еске салып өткендей, 2016 жылы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға, шетелдік қаржы нарығына инвестициялау үшін шетелдік валютаны сатып алуға, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктердің шартты қаржы құралдарына, сонымен қатар мемлекеттік сыңайлы субъектілердің шартты борышқорлық бағалы қағаздарына БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері инвестицияланады.
Сонымен, 2016 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша қоржындағы ҚР мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) үлесі 45,16% немесе 2 трлн 739 млрд 69 млн теңгені құрады, олар бойынша өтеу БЖЗҚ ЗА қоржынында орташа өлшенген жылдық табыс 12,4%.
Шетелдік мемлекеттердің МБҚ үлесі 0,85%-ға дейін төмендеді. Шетелдік мемлекеттердің МБҚ өтеу бойынша орташа өлшенген табыстылық жылдық 5,2% құрады.
Халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздары. 2016 жылдың наурызындағы ХҚҰ-ның бағалы қағаздар көлемі 0,50 млрд теңгеге өсіп, 85,74 млрд теңгені құрады. Қоржындағы олардың үлесі 1,41% құрады. БЖЗҚ-ның зейнетақы автивтері қоржынындағы ХҚҰ-ныңбағалы қағаздарын өтеу бойынша орташа өлшенген табысы жылдық 7,3% көрсетті.
Екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер көлемі 1 сәуірдегі жағдай бойынша 338,13 млрд теңгені құрады. Олардың қоржындағы үлесі 5,57% көрсетті. Есепті кезеңдегі БЖЗҚ ЗА қоржынында негізгі қарыз сомасының 12,00 млрд теңгесі өтелді. БЖЗҚ ЗА қоржынындағы ЕДБ салымдарын өтеу бойынша орташа өлшенген табыстылығы есепті кезеңде жылдық 8,9% болды.
ҚР эмитенттерінің корпоративті бағалы қағаздар көлемі тек наурыз айында 0,43млрд теңгеге өсіп, 2 217,74 млрд теңгені көрсетті. Олардың қоржындағы үлесі 36,55%және өтеу бойынша орташа өлшенген табыстылық жылдық 8,7% құрады.
Қоржындағы шетелдік эмитенттердің корпоративті бағалы қағаздар үлесі 2,78% болды. Наурызда шетелдік эмитенттердің корпоративтібағалы қағаздарының негізгі қарызының 0,28млрд теңгесі өтелді. БЖЗҚ ЗА қоржынындағы шетелдік эмитенттердің корпоративті бағалы қағаздардың өтеу бойынша орташаөлшенген табыстылығы есепті кезеңдежылдық 7,5% көрсетті.
Сонымен қатар, БЖЗҚ қоржынына PPN (құрлымдық ноталар) кіреді - 0,70%, акциялар мен ҚР эмитенттерінің депозитарлық қолхаттары – 1,85%, акциялар мен шетелдік эмитенттердің депозитарлық қолхаттары- 0,25%.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




